Қазақстан құрамасы Бакудегі дзюдодан әлем чемпионатындағы жарысын аяқтады
Қазақстан құрамасы Бакуде өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының командалық турнирінде екінші айналымнан аса алмады. Отандастарымыз Франция құрамасына есе жіберіп, жүлде үшін күресті тоқтатты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Кездесу қазақстандық дзюдошылар үшін сәтті басталды. 90 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі алғашқы белдесуде Жантилек Нұртілепұлы француз спортшысы Тиам Диабиді жеңді.
Алайда ұлттық құрама бұл басымдығын сақтап қала алмады. Кейінгі төрт белдесуде де жеңіс Франция өкілдеріне бұйырып, қарсылас команда жалпы есепте алға шықты.
Қазақстан құрамасы сапында Дина Мұханбет (57 келіге дейін), Ерсұлтан Дүйсехан (73 келіге дейін), Мөлдір Нарынова (79 келіге дейін) және Ермахан Ануарбеков (90 келіге дейін) қарсыластарына есе жіберді. Осылайша, Қазақстан құрамасы Әзербайжандағы әлем чемпионатының командалық бәсекесіндегі өнерін аяқтады.



