Ғалымжан Балабек жүзуден әлем кубогы кезеңінде Қазақстан рекордын жаңартты
Қазақстан құрамасының жүзушісі Ғалымжан Балабек Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекорд орнатты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Қазақстандық спортшы 400 метрге еркін жүзу қашықтығын 3:47.13 нәтижесімен аяқтап, 12-орынға ие болды. Жүлдегерлер қатарына қосылмаса да, оның көрсеткіші Қазақстанның жаңа рекордына айналды.
Алтын медальді америкалық Карсон Фостер 3:37.39 нәтижесімен жеңіп алды. Бельгиялық Лукас Пьер А. Энво 3:37.74 уақыт көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды. Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Мэттью Колдуэлл 3:40.95 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.
Ташкентте өтіп жатқан жүзуден әлем кубогы кезеңі 10 қазанға дейін жалғасады.


