Қуат Хамитов Қазақстан құрамасын Фарер аралдарымен матчтан кейін сынады

Куат Хамитов

Куат Хамитов

Қазақстандық ММА спортшысы Қуат Хамитов Ұлттар лигасында Фарер аралдарымен 2:2 есебімен тең түскен Қазақстан құрамасының футболшыларын сынға алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

«Елімізде ең жоғары жалақы алып, елдің абыройын осылай «қорлауға» болатынын білмеппін. Мен спортта ақша нәтиже үшін төленеді деп ойлайтынмын, алаңда бар болғаның үшін емес. Иә, мен тірі тұрғанда футболды жауып тастаңдар. Сонда жаным тыныш өлер еді», – деп жазды Хамитов.

Джон ван ’т Схип жаттықтыратын Қазақстан құрамасы биылғы Ұлттар лигасында әлі жеңіске жеткен жоқ. Команда Фарер аралдарымен екі рет тең ойнап, Словакия мен Молдовадан жеңілді.

Қазақстан құрамасы турнирдегі келесі матчын 13 қарашада сырт алаңда Молдоваға қарсы өткізеді. Ал топтық кезеңді 16 қарашада өз алаңында Словакияға қарсы кездесумен аяқтайды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру