Александр Шевченко Шанхайдағы ATP-1000 турниріндегі жолын аяқтады

Александр Шевченко

Фото: НОК РК

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Шанхайда өтіп жатқан ATP-1000 санатындағы турнирдің іріктеу кезеңінің бірінші айналымында жапониялық Ёсихито Нисиокаға есе жіберіп, жарыстағы жолын аяқтады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Шевченко екі сетте 2:6, 4:6 есебімен жеңілді. Матч 1 сағат 12 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші екі эйс жасап, бір рет қос қателік жіберді және жалғыз брейк-пойнтын пайдалана алмады. Ал Нисиока жеті брейк-пойнттың үшеуін іске асырды.

Шевченко бұл турнирге ATP деңгейіндегі бірнеше сәтсіз нәтижеден кейін келді. Шанхайға дейін ол Чэндуда Хуберт Хуркачтан, US Open турнирінде Дино Прижмичтен және Цинциннатиде Ботик ван де Зандсхулптан жеңілді. Қазақстандық теннисшінің биылғы маусымдағы үздік нәтижелерінің бірі – Гштаадтағы ATP-250 турнирінің жартылай финалына шығуы.

Шанхайдағы ATP-1000 турнирінің негізгі кезеңі 7 қазанда басталып, 18 қазанға дейін жалғасады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру