«Бернли» бапкері Дастан Сәтпаевқа сенім артатынын айтты
«Бернли» бас бапкері Ники Хайен қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың ойын сапасын жоғары бағалап, Чемпионшиптегі маусым барысында оған сенім артатынын айтты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
«Ол өте талантты футболшы және небәрі 18 жаста. Оның шеберлігіне және қарсылас қақпасының алдында қандай қауіп төндіре алатынына қарасақ, бұл біздің командамыз үшін үлкен артықшылық. Чемпионатта 46 матч өткіземіз, оған қоса кубоктық ойындар бар. Біз мүмкіндігінше көп футболшыны пайдаланып, жоғары деңгейімізді сақтағымыз келеді. 46 матчтың бәрін бар күшпен өткізу іс жүзінде мүмкін емес. Сондықтан нәтижеге әсер ете алатын футболшылар көп болуы керек, Дастан – солардың бірі», – деді Хайен.
Сәтпаев осы маусымда «Челсиден» жалға алу негізінде «Бернли» сапында өнер көрсетіп жүр. Жарақат алғанға дейін қазақстандық футболшы жаңа командасы үшін төрт матч өткізді. Чемпионшипте «Мидлсброға» қарсы өткен ойында (1:1) Сәтпаев матчтың үздік ойыншысы атанды. Қыркүйек айында шабуылшы жамбасынан жарақат алған.
Сегіз турдан кейін «Бернли» төрт ұпай жинап, Чемпионшип турнирлік кестесінде 24-орында келеді. Команда чемпионатта әзірге бірде-бір жеңіске жеткен жоқ.



