Тамирлан Тлеулес таеквондодан Қазақстанға тарихи алтын әкелді

51d9a273a83866c782a6aa94f6507cdc

Қазақстанның таеквондодан ұлттық құрамасы Азия ойындарындағы алғашқы алтын медалін жеңіп алды. 58 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Тамирлан Тлеулес Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан жарыстың чемпионы атанды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Финалда қазақстандық спортшы Курт Брайан Барбозамен кездесті. Тартысты жекпе-жекте Тлеулес мінез көрсетіп, жеңіске жетті. Осылайша, ол Қазақстанға таеквондодан Азия ойындарындағы тұңғыш алтын медальді сыйлады.

Бұған дейін Қазақстан таеквондодан Азия ойындарында үш рет финалға шыққан. Алайда үш жағдайда да спортшылар күміс медальмен шектелді. Феруза Ергешова Гуанчжоу-2010, Нұрсұлтан Мамаев Инчхон-2014, Жансель Дениз Джакарта-2018 ойындарында екінші орын алған.

Тлеулес тарихи жеңіске жету жолында Оман спортшысын жеңді. Ширек финалда қазіргі әлем чемпионы Абольфазл Зандиден басым түсіп, жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Ан Хянсикті 2:1 есебімен жеңді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
02 Окт - 19:00 Жекпе-жек
Тамирлан Тлеулес таеквондодан Қазақстанға тарихи алтын әкелді
02 Окт - 16:18 Жекпе-жек
Екатерина Токарева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
02 Окт - 13:45 Жекпе-жек
Торехан Сабырхан 12 жылдан кейін Азия ойындарында алтын алды
01 Окт - 14:35 Жекпе-жек
Эсмигүл Куюлова Азия ойындарында қатарынан екінші рет қола жүлде жеңіп алды
01 Окт - 13:45 Жекпе-жек
Дана Абдирова Азия ойындарында бесінші орын иеленді
01 Окт - 12:05 Жекпе-жек
Жібек Құлымбетова Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды
01 Окт - 11:30 Жекпе-жек
Ислам Евлоев Азия ойындарында қола жүлде үшін күресу мүмкіндігіне ие болды
01 Окт - 09:19 Жекпе-жек
Абдирова мен Ажар Асхат Азия ойындарында келесі кезеңге өтті
01 Окт - 08:25 Жекпе-жек
Демеу Жадраев, Ислам Евлоев және басқа балуандар Азия ойындарында алғашқы белдесулерін өткізді
30 Сен - 10:45 Жекпе-жек
Елдос Сметов, Абиба Абужақынова және Ғұсман Қырғызбаев Азия ойындарының жартылай финалына өтті