Елдос Сметов, Абиба Абужақынова және Ғұсман Қырғызбаев Азия ойындарының жартылай финалына өтті
Қазақстандық дзюдошылар Елдос Сметов, Абиба Абужақынова және Ғұсман Қырғызбаев Айти және Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ал Меруерт Сәрсенова ширек финалдағы жеңілістен кейін қола жүлде үшін жұбаныш кездесуінде күресін жалғастырады.
48 келіге дейінгі салмақта Абиба Абужақынова ширек финалда Үндістан өкілі Асмита Деймен белдесіп, 3 минут 33 секундта иппонмен жеңіске жетті. Қазақстандық дзюдошы финалға шығу үшін Қытай Тайбэйі өкілі Лин Чэнь-Хаомен кездеседі.
60 келіге дейінгі салмақта Елдос Сметов моңғолиялық Ариунболд Энхтайванды бір минутта иппонмен жеңді. Олимпиада чемпионы финал жолдамасы үшін Қытай Тайбэйі өкілі Ян Юн Вэймен белдеседі. Ал 66 келіге дейінгі салмақта Ғұсман Қырғызбаев ширек финалда Бахрейн өкілі Сухроб Бокиевпен кездесті. Негізгі уақыт нәтижесіз аяқталып, «голден скор» кезінде қазақстандық дзюдошы юко ұпайын алып, жеңіске жетті. Жартылай финалда Қырғызбаев моңғолиялық Йолк Қазырбекпен кездеседі.
52 келіге дейінгі салмақта Меруерт Сәрсенова ширек финалда Өзбекстан өкілі Сита Қадамбоевадан жеңілді. Қазақстандық дзюдошы жарысты жұбаныш кезеңінде жалғастырады. Ол қола жүлде үшін Тәжікстан өкілі Мадина Құрбонзодамен кездеседі. Айти және Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.



