Қазақстандық мергендер пневматикалық винтовкадан жүлдесіз қалды
Оқ атудан Қазақстан ерлер құрамасы Аичи-Нагоеде өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында 10 метрге пневматикалық винтовкадан командалық есепте жетінші орын алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Командалық есепте үш спортшының біліктілік кезеңіндегі нәтижелері қосылды. Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин және Константин Малиновский 1871,4 ұпай жинады. Бұл бәсекеде 13 құрама бақ сынады. Жеке есепте қазақстандықтардың ешқайсысы финалға өте алмады: Сәтпаев 24-орын, Шахторин 26-орын, Малиновский 29-орын алды.
Алтын жүлдені 1899,0 ұпаймен әлемдік рекорд орнатқан Қытай құрамасы жеңіп алды. Үндістан 1890,1 ұпаймен күміс медаль алса, Оңтүстік Корея 1884,2 ұпаймен қола жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, Ислам Сәтпаев – 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері. Ол Александра Ле екеуі аралас командалық жарыста Германия құрамасын үшінші орын үшін өткен кездесуде 17:5 есебімен жеңіп, жүлдеге қол жеткізді. Бұл Қазақстанның оқ атудан 1996 жылдан бергі алғашқы Олимпиада медалі болды. Аичи-Нагоеде өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.



