Елена Рыбакина US Open-да 1/8 финалға шығып, 480 мың доллар тапты

Елена Рыбакина

Елена Рыбакина. Фото: пресс-служба ФТК

Қазақстандық теннисші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионаты-2026 турнирінің төртінші айналымына өтіп, 480 мың доллар көлеміндегі жүлдені кепілдікке алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Үшінші айналымда ол әлемдік рейтингте 58-орында тұрған украиналық Юлия Стародубцеваны жеңді.

1/8 финалға шыққан Рыбакина 480 мың доллар сыйақы мен рейтингке 240 ұпай алды. Қазақстандық теннисші бұған дейін US Open турнирінде бұл кезеңнен аса алмаған еді.

Елена биылғы жарыста бұған дейін америкалық Тея Фродинді және испаниялық Джессика Бусас Манейроны жеңген болатын. Фродин әлемдік рейтингте 585-орында болса, Бусас Манейро 105-сатыда орналасқан.

US Open-2026 турнирінің әйелдер арасындағы жекелей сындағы жалпы жүлде қоры 37,84 миллион долларды құрайды. Чемпион атанған теннисші 5,5 миллион доллар және рейтингке 2000 ұпай алады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
22 Окт - 17:38 Теннис
Михаил Кукушкин Almaty Open турнирінде кәсіби мансабын аяқтады
21 Окт - 17:00 Теннис
Анна Данилина Нинбодағы WTA 500 турнирінің жұптық бәсекесін алғашқы айналымнан аяқтады
20 Окт - 17:02 Теннис
Стефанос Циципас Almaty Open турнирінің екінші айналымында Михаил Кукушкинмен кездеседі
19 Окт - 12:05 Теннис
Рыбакина әлемдік рейтингтегі көшбасшылығын сақтады, Путинцева 14 орынға көтерілді
17 Окт - 22:57 Теннис
Александр Шевченко Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шықты
16 Окт - 16:00 Теннис
Рафаэль Ходар Шанхайдағы төртінші камбэгін жасап, «Мастерс» жартылай финалына шықты
16 Окт - 15:20 Теннис
Сонай Картал Ухандағы WTA-1000 турнирінде жартылай финалға жолдама алды
15 Окт - 21:13 Теннис
Алматыда World Tennis Бас ассамблеясының қорытындысы шығарылды
13 Окт - 15:45 Теннис
Юлия Путинцева камбэк жасап, Ухань турнирінің екінші кезеңіне өтті
12 Окт - 14:54 Теннис
Арина Соболенко Елена Рыбакинамен бәсекелестігі туралы пікір білдірді