Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-та титулдық жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағы үшін Хесус Рамоспен жұдырықтасады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Premier Boxing Champions ұйымы жеңіліп көрмеген қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) пен америкалық Хесус Рамос (24-1, 19 КО) арасындағы жекпе-жекті ресми түрде растады. Кездесу 19 қыркүйекте Сан-Диегодағы Pechanga Arena кешенінде өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде Айзек Крус (28-3-2, 18 КО) пен Нестор Браво (28-3-2, 18 КО) бірінші жартылай орта салмақтағы WBC уақытша чемпионы атағын сарапқа салады. Ал Нұрсұлтанов пен Рамос арасындағы кездесу бокс кешінің екінші басты оқиғасы болады.

Мейірім Нұрсұлтанов үшін бұл соңғы екі жылға жуық уақыттағы алғашқы жекпе-жек болмақ. Қазақстандық боксшы соңғы рет 2023 жылдың қарашасында шаршы алаңға шығып, чилилік Хулио Аламосты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
17 Сен - 10:45 Бокс ММА
Мейірім Нұрсұлтанов Хесус Рамоспен жекпе-жектен кейінгі мақсатын атады
08 Сен - 15:05 ММА
Хесус Рамос-младший Мейірім Нұрсұлтановпен жекпе-жек алдында пікір білдірді
08 Сен - 09:15 ММА
Шавкат Рахмонов Хамзат Чимаевпен болған бұрынғы жанжал туралы айтты
07 Сен - 08:30 ММА
Шавкат Рахмонов UFC-де жеңгісі келетін қарсыласын атады
06 Сен - 11:02 ММА
Саладин Парнасс UFC-дегі дебютінде Дэн Хукерді мерзімінен бұрын жеңді
01 Сен - 21:21 ММА
Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі жекпе-жегінің уақыты мен орны белгілі болды
31 Авг - 08:30 ММА
Медғат Жақыпбек OPEN FC лигасының уақытша чемпиондық белбеуін иеленді
29 Авг - 17:31 ММА
Сонг Ядонг Шанхайда Нурмагомедовты нокаутқа түсірді: жекпе-жек осылай аяқталды
29 Авг - 11:55 ММА
Хамитов пен Махно жекпе-жегінің бесінші әрекеті сәтті бола ма?
29 Авг - 10:01 ММА
Дана Уайт Том Аспиналлдың UFC-ден кететіні туралы ақпаратты жоққа шығарды