«Женистің» жаңа бас бапкері кім болуы мүмкін екені белгілі болды

images 3

Босниялық маман Владимир Слишкович елордалық «Женистің» бас бапкері қызметіне тағайындалуға жақын, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

«Инсайды от Карпа» Telegram-арнасының мәліметінше, 43 жастағы бапкер сейсенбі күні Астанаға келіп, қазақстандық клубпен келісімшартқа қол қояды. Келісімнің мерзімі 2026 жылдың соңына дейін есептелген.

Слишкович бұған дейін Ливанның «Аль-Ансар» және Босния мен Герцеговинаның «Зриньски» клубтарында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған. Сондай-ақ Босния және Герцеговина U16 жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушылар штабында жұмыс істеп, кейін Мәскеудің «Спартак» клубында бас бапкердің көмекшісі әрі міндетін атқарушы болды. Оның соңғы жұмыс орны Ресейдің «Оренбург» клубы болды. Өткен маусымда команда Ресей Премьер-лигасында 12-орынға тұрақтады.

Еске салсақ, бұған дейін «Женистің» бас бапкері қызметінен Әли Әлиев кеткен болатын. Қазақстан Премьер-лигасының 20 турында елордалық клуб 23 ұпай жинап, турнир кестесінде сегізінші орында тұр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Авг - 16:25 Футбол
«Аякс» Марк-Андре тер Штегенді жалға алды
04 Авг - 15:05 Футбол
«Арсеналдың» жаңа ойыншысы Винисиус туралы қауесетке пікір білдірді
04 Авг - 13:45 Футбол
«Женистің» жаңа бас бапкері кім болуы мүмкін екені белгілі болды
04 Авг - 08:30 Футбол
Михаил Мудриктің мансабын қайда жалғастыруы мүмкін екені белгілі болды
02 Авг - 12:17 Футбол
«Челсидің» жанкүйерлік парақшасы Уэлбектің трансфері Сатпаевқа қалай әсер ететінін бағалады
02 Авг - 08:11 Футбол
ФИФА УЕФА қарсылығынан кейін даулы жобадан бас тартты
01 Авг - 13:02 Футбол
«Арсенал» Винисиуспен келісімге келіп, «Реалға» ұсыныс дайындап жатыр
30 Июл - 23:11 Футбол
«Тобыл» пенальти сериясында жеңіске жетіп, Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты
30 Июл - 20:45 Футбол
УЕФА ФИФА турнирлеріне бойкот жариялауы мүмкін екенін мәлімдеді
29 Июл - 23:11 Футбол
«Қайрат» қатарынан екінші маусымда еурокубоктың негізгі кезеңінде ойнайды