«Семей» клубы бас бапкер қызметіне Серджи Альтисентті тағайындады

images 7 3

«Семей» футзал клубы испаниялық маман Серджи Альтисенттің бас бапкер қызметіне тағайындалғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

33 жастағы маманмен 2026/27 жылғы маусымның соңына дейін келісімшарт жасалды. Альтисент өткен маусым қарсаңында Аслан Смақовтың көмекшісі ретінде бапкерлер штабына қосылған болатын. Команда Чемпиондар лигасының ширек финалында жарыстан шығып қалғаннан кейін Смақов қызметінен кетіп, испаниялық маман бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

Енді клуб басшылығы Серджи Альтисентті тұрақты түрде бас бапкер қызметіне бекітті. Өткен маусымның қорытындысында «Семей» Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанып, финалдық серияда алматылық «Қайратқа» 2:3 есебімен жол берді.

Алдағы маусымда «Семей» УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетеді. Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық клуб испаниялық «Барселона», словакиялық «Лученец» және швейцариялық «Минерва» командаларымен бір топқа түсті. Топтық кезең матчтары 27 қазан мен 1 қараша аралығында Словакияда өтеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру