Қазақстандық семсерлесушілер әлем чемпионатындағы жекелей жарысты аяқтады

images 5

Қазақстандық семсерлесушілер Гонконгте өтіп жатқан әлем чемпионатының жекелей сайысындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ерлер арасындағы жекелей қылыш сайысында 1/32 финалда Қазақстан намысын Қуаныш Ергашбай, Артём Саркисян және Назарбай Саттархан қорғады. Алайда үшеуі де алғашқы кездесулерінде жеңіліп, жарыс жолынан шықты. Ергашбай Қытай өкілі Вэй Жэньхаодан 7:15 есебімен жеңілсе, Саркисян тағы бір қытайлық Шэнь Чэньпэнге 8:15 есебімен есе жіберді. Ал Саттархан оңтүстіккореялық До Кён Донға 9:15 есебімен жол берді.

Әйелдер арасындағы жекелей рапира бәсекесінде Қазақстан атынан София Актаева өнер көрсетті. Ол 1/16 финалға шығу үшін өткен кездесуде америкалық Джозефина Конвейден 10:15 есебімен жеңілді.

28 шілде күні Гонконгте әлем чемпионатының командалық жарыстары өтеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
21 Окт - 10:30 Басқа
Қазақстандық садақшылар Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
21 Окт - 09:05 Басқа
Ислам Салимов Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
21 Окт - 08:30 Басқа
Махамбет Серікқалиев Азия Пара ойындарында қола медаль жеңіп алды
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 12:00 Басқа
Биржан Оразов: Қазақстан құрамасының мақсаты – іріктеу тобында бірінші орын алу
20 Окт - 11:20 Басқа
Севда Әлиева Азия Пара ойындарында үздік алтылыққа енді
20 Окт - 10:49 Басқа
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Budapest Trophy додасында жүлдесіз қалды
20 Окт - 09:15 Басқа
Қазақстан пара үстел теннисінен Азия Пара ойындарындағы алғашқы медальдарын алды
20 Окт - 08:20 Басқа
Гүлім Құрманбаева Азия Пара ойындарында жүлдеге сәл жетпей қалды
19 Окт - 16:00 Басқа
Қазақстандық парапауэрлифтерлер Азиаданың екі жүлдесін жеңіп алды