Тимур Турлов FIDE президенті қызметіне үміткер болды

Тимур Турлов

Фото: Freedom QJ League

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті қызметіне кандидатурасын ұсынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Бұл туралы Турлов өзінің Instagram парақшасында жариялады. Оның айтуынша, соңғы жылдары шахмат жаңа даму кезеңіне көтеріліп, әсіресе жастар арасында кеңінен танымал бола бастады. Сондай-ақ әлемдік шахмат қауымдастығы барлық құрлықта тұрақты түрде өсіп келеді.

«Бүгінде ғасырлық тарихы бар федерация маңызды кезеңге келіп тұр. Жүріп өткен жолды тоқтатуға немесе жоққа шығаруға болмайды. Ендігі міндет – осы дамуға жаңа серпін беріп, алға қарай қарқынды ілгерілеу», – деп жазды Турлов.

Тимур Турлов Қазақстан шахмат федерациясын 2023 жылдан бері басқарады. Осы уақыт ішінде елімізде ерлер арасындағы әлем чемпионаты матчы мен рапид және блиц бойынша командалық әлем чемпионаты өтті. Ал бір айдан кейін Алматыда университет командалары арасындағы әлем чемпионаты ұйымдастырылады. FIDE президентін сайлау қыркүйек айында Самарқандта өтетін ұйым конгресінде өтеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
21 Окт - 10:30 Басқа
Қазақстандық садақшылар Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
21 Окт - 09:05 Басқа
Ислам Салимов Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
21 Окт - 08:30 Басқа
Махамбет Серікқалиев Азия Пара ойындарында қола медаль жеңіп алды
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 12:00 Басқа
Биржан Оразов: Қазақстан құрамасының мақсаты – іріктеу тобында бірінші орын алу
20 Окт - 11:20 Басқа
Севда Әлиева Азия Пара ойындарында үздік алтылыққа енді
20 Окт - 10:49 Басқа
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Budapest Trophy додасында жүлдесіз қалды
20 Окт - 09:15 Басқа
Қазақстан пара үстел теннисінен Азия Пара ойындарындағы алғашқы медальдарын алды
20 Окт - 08:20 Басқа
Гүлім Құрманбаева Азия Пара ойындарында жүлдеге сәл жетпей қалды
19 Окт - 16:00 Басқа
Қазақстандық парапауэрлифтерлер Азиаданың екі жүлдесін жеңіп алды