Қазақ дзюдошылары жастар арасындағы Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

1784533016 1

Қазақстан құрамасы Иорданияның Амман қаласында өткен жастар арасындағы дзюдодан Азия чемпионатын 12 медальмен аяқтады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық дзюдошылар бес алтын, төрт күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Азия чемпионы атағын Айнара Сейтжанова (48 келіге дейін), Нұрбала Зайнұл (52 келіге дейін), Ролан Қайырғали (66 келіге дейін), Гүлсезім Тұрлыбек (78 келіге дейін) және Санжар Еруланов (100 келіге дейін) иеленді.

Күміс жүлдеге Дамеля Асылханова (63 келіге дейін), Ерасыл Ержанов (66 келіге дейін), Мұхамедәлі Закиров (73 келіге дейін) және Руслана Махатова (78 келіден жоғары) қол жеткізді.

Ал қола медальдарды Айзат Наукенова (48 келіге дейін), Айдана Әбиханова (63 келіге дейін) және Шынар Бітімбай (70 келіге дейін) еншіледі. Осылайша, Қазақстан құрамасы құрлық чемпионатын 12 жүлдемен қорытындылады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
16 Окт - 10:48 Күрес
Виктория Хусаинова әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам қалғанда жеңілді
16 Окт - 09:15 Күрес
Шұғыла Өмірбек U23 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
13 Окт - 08:30 Жекпе-жек Күрес
Қазақстандық екі балуан U23 әлем чемпионатының финалына шықты
12 Окт - 12:05 Күрес
ACA президенті 50 жауынгердің қысқаруына қатысты пікір білдіріп, Қадыровтың рөлін түсіндірді
11 Окт - 16:28 Күрес
Қазақстан құрамасы Бакудегі дзюдодан әлем чемпионатындағы жарысын аяқтады
05 Окт - 19:51 Күрес
Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде жүлдесіз қалды
05 Окт - 12:42 Күрес
Нұрқанат Серікбаев Бакудегі әлем чемпионатындағы жолын аяқтады
08 Сен - 13:47 Басқа Күрес
Арман Оспанов Шымкент қаласының күрес федерациясында жаңа қызметке тағайындалды
04 Сен - 17:55 Басқа Күрес
Ернұр Сүлеймен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен алтын медаль жеңіп алды
29 Авг - 21:03 Күрес
Лозаннадағы Grand Slam: дзюдошы Абылайхан Жұбаназар алтын жүлдегер атанды