Зинедин Зидан Франция құрамасының бас бапкері атанады

d977d684af72b3c219e4be79fcb8cf77

Мадридтің «Реал» клубының бұрынғы бас бапкері Зинедин Зидан әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін Франция құрамасын жаттықтырады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Журналист Фабрицио Романоның мәліметінше, ӘЧ-2026 аяқталған соң Зидан ұлттық құраманың тізгінін Дидье Дешамнан қабылдап алады. Франция құрамасының қазіргі бас бапкері турнир біткеннен кейін қызметінен кететінін бұған дейін мәлімдеген болатын.

ӘЧ-2026 турнирінде Франция құрамасы жартылай финалда Испаниядан 0:2 есебімен жеңіліп, финалға шыға алмады. Енді Дешам шәкірттері үшінші орын үшін Англия мен Аргентина арасындағы екінші жартылай финалда жеңілген командамен кездеседі. Матч 19 шілдеде Қазақстан уақытымен сағат 02:00-де басталады.

Айта кетейік, Зинедин Зидан «Реалды» 2016–2018 және 2019–2021 жылдары жаттықтырды. Оның жетекшілігімен мадридтік клуб Чемпиондар лигасын қатарынан үш рет жеңіп алып, Испания чемпионы атанды, сондай-ақ УЕФА Суперкубогы мен Испания Суперкубогын екі реттен иеленді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді
16 Окт - 08:41 Футбол
«Рига» қорғаушысы «Қайратпен» тең ойыннан кейін пікір білдірді
14 Окт - 18:40 Футбол
«Астана» «Ертісті» жеңіп, ҚПЛ-дағы үшінші орнын нығайтты
14 Окт - 18:00 Футбол
«Қайрат» екі ойында 13 гол соғып, УЕФА Жастар лигасының келесі кезеңіне өтті
14 Окт - 15:15 Футбол
Нұрали Жақсылық «Қайсарда» жалға алу негізінде ойнауын жалғастырады
14 Окт - 13:45 Футбол
Тақырып: «Челси» рұқсат бермеді: Дастан Сатпаевтың алаңға қашан оралатыны айтылды
14 Окт - 09:20 Футбол
Кенжебек пен Самородов үшін маңызды матч: «Ахмат» «Динамоны» қабылдайды
13 Окт - 16:00 Футбол
Лионель Месси әлемдік футболдың болашақ жұлдыздарын атады
13 Окт - 14:27 Футбол
«Ақтөбе» Қазақстан жастар құрамасының вингеріне қызығушылық танытып отыр