Opta суперкомпьютері ӘЧ-2026 ширек финалының фавориттерін атады
Opta Analyst статистикалық порталы ӘЧ-2026 турнирінің ширек финал матчтарына арналған болжамын жариялады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Суперкомпьютер статистикалық модельдеу нәтижесінде әр құраманың жартылай финалға шығу мүмкіндігін есептеді.
Талдау нәтижесі бойынша ширек финалдың басты фавориті ретінде Франция құрамасы көрсетілді. Француздардың Марокконы жеңіп, келесі кезеңге шығу ықтималдығы 74 пайызға бағаланған. Испанияның Бельгияны жеңу мүмкіндігі 70 пайыз болса, қазіргі әлем чемпионы Аргентинаның Швейцариядан басым түсу ықтималдығы 69 пайызды құрайды. Ал ең тартысты кездесу ретінде Англия мен Норвегия арасындағы матч аталды. Бұл жұпта Англияның мүмкіндік көрсеткіші 62 пайыз, ал Норвегияның көрсеткіші 38 пайызға тең.
Ширек финалға шыққан барлық құрамалар 1/8 финал кезеңінен сәтті өтті. Франция Парагвайды 1:0 есебімен жеңсе, Испания дәл осындай есеппен Португалиядан басым түсті. Англия Мексиканы 3:2 есебімен ұтты, ал Аргентина 0:2 есебінен кейін камбэк жасап, Мысырды 3:2 есебімен жеңді.
Әлем чемпионатының ширек финал матчтары 9–11 шілде аралығында өтеді. Жартылай финал ойындары 14 және 15 шілдеге жоспарланған. Үшінші орын үшін матч 18 шілдеде Майамиде өтсе, финалдық кездесу 19 шілдеде Нью-Йоркте ұйымдастырылады.



