Әнуарбек «Мотиватор» Мұхит Амантаевты IBA Nomad 15 турнирінде жеңді
Қазақстандық файтерлер әрі блогерлер Мұхит Амантаев пен Әнуарбек «Мотиватор» Бекембетов IBA Nomad 15 турнирінде аралас жекпе-жек қолғаптарымен өтетін бокс ережесі бойынша кездесті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Тартысты жекпе-жекте Ануарбек Бекембетов үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Екі спортшы арасындағы текетірес бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Алғашында олардың жекпе-жегі 2025 жылдың маусым айында классикалық бокс ережесі бойынша өтуі тиіс болған. Алайда турнирдің өтпей қалуына байланысты кездесу ұйымдастырылмаған еді. Бір жылдан кейін бұл жекпе-жекті IBA Nomad лигасы өз турнирінің бағдарламасына енгізді.
Кездесу алғашқы секундтардан-ақ тартысты өтті. Бірінші раундта екі файтер де бір-бірін нокдаунға түсірді. Екінші раундта Мұхит Амантаев белсендірек көрінгенімен, төреші оған даулы нокдаун есептеді. Үшінші раундта қос спортшының қарқыны бәсеңдей бастады. Осы сәтте Әнуарбек Бекембетовтің бауырға дәл тиген соққысынан кейін Амантаев тізерлеп отырды. Төреші нокдаун есебін бастап, жекпе-жекті тоқтатып, Ануарбекке техникалық нокаутпен жеңіс берді.



