Анна Данилина WTA рейтингіндегі орнын сақтап қалды

Анна Данилина

Фото: VCG via Getty Images

Қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық сындағы жаңартылған WTA рейтингінде алтыншы орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ол әлі де әлемнің үздік он теннисшісі қатарына енген жалғыз қазақстандық спортшы болып отыр.

Жаңартылған рейтингте Данилинаның еншісінде 6785 ұпай бар. Жұптық рейтингтің көшбасшысы ретінде Чехия өкілі Катерина Синякова қалды. Екінші орында америкалық Тейлор Таунсенд орналасса, үздік үштікті канадалық Габриэла Дабровски түйіндейді. Бесінші орында Данилинаның тұрақты серіктесі, сербиялық Александра Крунич тұр.

Қазақстандық теннисшілер арасында Жібек Құламбаева айтарлықтай алға жылжыды. Ол бірден 21 сатыға көтеріліп, 173-орынға жайғасты. Ал Юлия Путинцева үш орынға жоғарылап, жұптық рейтингте 347-сатыға көтерілді.

Айта кетейік, жақында Анна Данилина мен Александра Крунич «Ролан Гаррос» турнирінің финалына дейін жеткен болатын. Алайда шешуші матчта олар Катерина Синякова мен Тейлор Таунсенд жұбына есе жіберді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру