Австрия құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

getty images 2281988232 69af72e78a

Австрия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы турында Иорданияны 3:1 есебімен жеңіп, жарысты сәтті бастады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. J тобындағы кездесу АҚШ-тың Санта-Клара қаласындағы «Левайс» стадионында өтті.

Ойын алдында Австрия фаворит саналған болатын және команда бұл мәртебесін ақтады. Ральф Рангник шәкірттері алғашқы үш ұпайын еншілеп, плей-офф жолдамасы үшін күрестегі мүмкіндігін арттырды. Бұл топта қазіргі әлем чемпионы Аргентина құрамасы, сондай-ақ Алжир мен Иордания командалары да өнер көрсетеді.

Кездесудегі есеп 20-минутта ашылды. Германияның «Вердер» клубында ойнайтын Романо Шмид нәтижелі шабуылды аяқтап, Австрияны алға шығарды. Екінші таймның басында Иордания таразы басын теңестірді. 50-минутта «Аль-Саилия» шабуылшысы Али Олван гол авторы атанды. Алайда кейін ойын тізгіні қайтадан австриялықтардың қолына өтті. 76-минутта Язан Әл-Араб өз қақпасына гол соғып алды. Ал қосымша уақыттың соңында Марко Арнаутович пенальтиді дәл орындап, матчтың қорытынды есебін белгіледі – 3:1.

Осы нәтижеден кейін Австрия құрамасы үш ұпаймен топтағы жағдайын жақсартты. Келесі турда команда Аргентина құрамасына қарсы ойнайды. Ал Иордания өз кезегінде Алжирмен кездесіп, алғашқы ұпайына қол жеткізуге тырысады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
02 Авг - 12:17 Футбол
«Челсидің» жанкүйерлік парақшасы Уэлбектің трансфері Сатпаевқа қалай әсер ететінін бағалады
02 Авг - 08:11 Футбол
ФИФА УЕФА қарсылығынан кейін даулы жобадан бас тартты
01 Авг - 13:02 Футбол
«Арсенал» Винисиуспен келісімге келіп, «Реалға» ұсыныс дайындап жатыр
30 Июл - 23:11 Футбол
«Тобыл» пенальти сериясында жеңіске жетіп, Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты
30 Июл - 20:45 Футбол
УЕФА ФИФА турнирлеріне бойкот жариялауы мүмкін екенін мәлімдеді
29 Июл - 23:11 Футбол
«Қайрат» қатарынан екінші маусымда еурокубоктың негізгі кезеңінде ойнайды
29 Июл - 22:39 Футбол
«Қайрат» драмалық матчта Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты
29 Июл - 15:05 Футбол
ПСЖ Родри үшін «Реалмен» таласқа қосылды
29 Июл - 13:45 Футбол
«Қайрат» – «Омония» матчын қайдан көруге болады
29 Июл - 10:55 Футбол
«Ювентус» Джошуа Зиркзеені жалға алуға жақын