«Фенербахче» президенттігіне үміткер Левандовскиді клубқа шақырмақ

Роберт Левандовски Барселона

Фото: Get Spanish Football News

Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски Түркияның «Фенербахче» клубынан ұсыныс алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Дереккөз мәліметінше, бұл трансфердің бастамашысы – стамбұлдық клуб президенттігіне үміткер Хакан Сафи. Кәсіпкер тәжірибелі шабуылшыны командаға тартуды өзінің сайлауалды бағдарламасына енгізген.

Хабарламаға сәйкес, 37 жастағы футболшыға бонустарды қоса есептегенде жылына шамамен 20 миллион еуро көлемінде жалақы қарастырылған келісімшарт ұсынылған. Әзірге Левандовски нақты жауап берген жоқ.

«Фенербахченің» жаңа президентін сайлау маусым айының алғашқы аптасында өтеді. Егер Сафи жеңіске жетсе, поляк шабуылшысын клубқа шақыру бағытында жұмыс жүргізбек.

Еске салайық, 16 мамыр күні Левандовски «Барселонадан» келісімшарты аяқталғаннан кейін кететінін мәлімдеген болатын. Қазіргі уақытта ол еркін агент мәртебесіне ие.

Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, футболшының нарықтық құны сегіз миллион еуроға бағаланады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру