Белал Мухаммад денсаулығына байланысты үзіліс жасаған Бен Аскренмен кездеседі

Белал Мухаммад

Белал Мухаммад. Фото: Zuffa LLC\

UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Белал Мухаммадтың келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

MMAJunkie мәліметінше, америкалық файтер денсаулығына байланысты ұзақ үзілістен кейін спортқа оралатын Бен Аскренмен жекпе-жек өткізеді.

Кездесу 18 шілде күні өтетін RAF 11 турнирінің аясында ұйымдастырылады.

41 жастағы Аскрен үшін бұл госпитализациядан кейінгі алғашқы ресми жекпе-жек болмақ. ММА мансабында ол 22 кездесу өткізіп, 19 рет жеңіске жеткен. Сонымен қатар екі рет жеңіліп, бір жекпе-жегі нәтижесіз деп танылған.

Белал Мухаммад UFC ұйымының жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін 2024 жылдың шілдесінде Леон Эдвардсты жеңгеннен кейін иеленген еді. Алайда 2025 жылдың мамырында Джек Делла Маддаленаға есе жіберіп, титулынан айырылды.

Қазіргі таңда Белал Мухаммадтың кәсіпқой ММА-дегі көрсеткіші – 24 жеңіс және бес жеңіліс.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру