Нора Джеруто «Гауһар лигада» үздік алтылыққа енді

Фото: НОК РК
Қазақстан құрамасының өкілі Нора Джеруто әйелдер арасындағы 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру жарысында үздік алтылық қатарына кірді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Отандасымыз Қытайдың Сямэнь қаласында өткен «Гауһар лига» кезеңінде 9:13.86 нәтиже көрсетіп, алтыншы орын иеленді.
Сямэньдегі жарыс жеңіл атлетикадағы ең беделді халықаралық турнирлердің бірі саналады. Оған Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарының жүлдегерлері қатысты.
Жарыстың жеңімпазы атанған угандалық Перут Чемутай мәреге бірінші болып жетті. Екінші орынды бахрейндік Винфред Яви иеленсе, кениялық Фейт Черотич үздік үштікті түйіндеді.


