Ресми: Астанада күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионаты өтеді

1779471514 1

Біріккен күрес әлемі (UWW) 2026 жылғы әлем чемпионатын қабылдайтын қала ретінде Астананы ресми түрде бекітті.

Мұндай шешім ұйымның Атқарушы комитетінің отырысында қабылданды. Жиын барысында халықаралық сапарларға әсер етіп отырған қазіргі геосаяси жағдай мен өзге де қиындықтар қарастырылды.

Бастапқыда әлем чемпионатын былтыр ұйымдастыру құқығына ие болған Манама қаласы (Бахрейн) қабылдауы тиіс еді. Алайда UWW мен Бахрейн күрес федерациясы бірлескен мәлімдеме жасап, жарыстың басқа елге ауыстырылғанын хабарлады.

Инспекциялық сапарлар өткізіліп, спорт нысандарының дайындығы бағаланғаннан кейін 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығы Қазақстанға берілді. Дүбірлі дода Астанадағы «Барыс Аренада» өтеді. Айта кетейік, Қазақстан астанасында бұған дейін 2019 жылы да әлем чемпионаты өткен еді.

Турнирдің нақты кестесі мен жарысты өткізуге қатысты өзге де мәліметтер кейінірек жарияланады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
23 Май - 08:30 Күрес
Ресми: Астанада күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионаты өтеді
22 Май - 13:55 Күрес
Қазақстандық дзюдошылар Олимпиада жолын Моңғолиядағы турнирден бастайды
22 Май - 09:15 Күрес
Азамат Бақытов UFC BJJ турниріндегі алғашқы жекпе-жегін өткізді
20 Май - 16:55 Күрес
Елдос Сметов Олимпиададан кейін алғашқы халықаралық турниріне қатысады
20 Май - 15:21 Күрес
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Моңғолиядағы Grand Slam турниріне қатысады
18 Май - 17:08 Күрес
Елдос Сметов Испаниядағы жаттығу жиынын бастап, турнирге оралу туралы айтты
13 Май - 17:45 Күрес
Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев әлемдік рейтингте төмендеді
12 Май - 17:20 Күрес
Ризабек Айтмұхан RAF лигасындағы келесі белдесуін өткізеді
11 Май - 12:08 Күрес
Лас-Вегас 2027 жылғы күрес түрлерінен әлем чемпионатын қабылдайды
10 Май - 18:29 Күрес
Марат Байкамуров Astana Grand Slam турнирінің чемпионы атанды