Конор Макгрегор UFC-дегі оралуы алдында жанкүйерлерге үндеу жасады

Конор Макгрегор

Ирландиялық файтер Конор Макгрегор Макс Холлоуэйге қарсы жекпе-жек алдында жанкүйерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Бұл айқас Лас-Вегаста өтетін UFC 329 турнирінің басты оқиғасы болады.

Макгрегор жанкүйерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, алдағы жекпе-жекке толық дайындалып жатқанын мәлімдеді.

«Соңғы бірнеше күндегі қолдауларыңыз бен жылы сөздеріңіз үшін баршаңызға рақмет. Соның арқасында жаттығулар алдында өзімді өте жігерлі сезініп жүрмін. Біз алдағы сынаққа толық дайындалып жатырмыз», — деп жазды ирландиялық файтер.

Конор Макгрегор мен Макс Холлоуэй арасындағы жекпе-жек 12 шілде күні T-Mobile Arena кешенінде өтеді. Айқас жартылай орта салмақта ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Макгрегор соңғы рет 2021 жылы UFC 264 турнирінде октагонға шыққан болатын. Сол кезде ол Дастин Порьеге қарсы жекпе-жекте аяғын ауыр жарақаттап алып, техникалық нокаутпен жеңілген еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 15:18 ММА
Шавкат Рахмонов бұрынғы UFC чемпионы Джек Делла Маддаленамен жекпе-жек өткізуі мүмкін
23 Окт - 11:21 ММА
Мовсар Евлоевтің жаттықтырушысы Александр Волкановскимен жекпе-жек алдындағы психологиялық жағдайы туралы айтты
23 Окт - 09:50 ММА
Арман Царукян RAF 14 турнирі алдындағы баспасөз мәслихатында Диллон Дэниспен жанжалдасты
21 Окт - 14:00 ММА
Хамзат Чимаев Лас-Вегастағы RAF 14 турнирінде Робби Лоулермен белдеседі
20 Окт - 17:45 ММА
Менеджер Али Абдель-Азиз Фарид Башараттың UFC-ден кеткеніне қатысты пікір білдірді
14 Окт - 15:45 ММА
Тим Цзю үшін Ларамен жекпе-жек тарихи мүмкіндікке айналуы мүмкін
12 Окт - 16:45 ММА
Мехонцев Бивол мен Смит жекпе-жегі туралы пікір білдірді
11 Окт - 12:05 ММА
Брендан Аллен UFC Fight Night 290 турнирінде Кристиан Леруа Данканы мерзімінен бұрын жеңді
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
08 Окт - 16:00 ММА
Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін жекпе-жегі қаңтарға шегерілді