Александр Бублик Женевадағы турнирдің ширек финалына шықты

Александр Бублик

Фото: Eurasia Sport Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Женевада өтіп жатқан ATP-250 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Қазақстандық теннисші жарыстың ширек финалына жолдама алды.

Бублик турнирде екінші нөмірмен тіркеліп, жарысты бірден екінші айналымнан бастады. Оның қарсыласы ATP рейтингінде 253-орында тұрған литвалық Эдас Бутвилас болды.

Қазақстандық теннисші матчта 6:4, 6:3 есебімен екі сетте жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Бублик төрт эйс жасап, төрт қос қателік жіберді және алты брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Сонымен қатар ол бірде-бір рет өз геймін берген жоқ.

Ширек финалда Александр Бублик франциялық Артур Риндеркнешпен кездеседі. Матч 21 мамыр күні Астана уақытымен 22:30-дан ерте басталмайды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
06 Окт - 13:45 Теннис
Григорий Ломакин Униндегі «Челленджер» турнирінің ширек финалына шықты
06 Окт - 12:05 Теннис
Тимофей Скатов Шанхайдағы ATP-1000 турнирінің негізгі кезеңіне өте алмады
06 Окт - 11:20 Теннис
Мирра Андреева Бейжіңдегі WTA-1000 турнирінің ширек финалына шықты
05 Окт - 15:46 Теннис
Александр Шевченко Шанхайдағы ATP-1000 турниріндегі жолын аяқтады
05 Окт - 13:27 Теннис
Тимофей Скатов Шанхайдағы ATP-1000 турнирінің іріктеу финалына шықты
02 Окт - 15:05 Теннис
Путинцева мен Данилина Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
01 Окт - 10:45 Теннис
Юлия Путинцева Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді
30 Сен - 14:15 Теннис
Юлия Путинцева мен Александр Шевченко Азия ойындарының жартылай финалына өтті
28 Сен - 12:05 Теннис
Жібек Құламбаева мен Соня Жиенбаева жұптық жарысты жеңіспен бастады
26 Сен - 13:45 Теннис
Александр Бублик Лэйвер кубогындағы алғашқы матчында жеңіліске ұшырады