«Челси» Килиан Мбаппені сатып алуға қызығушылық танытып отыр

Килиан Мбаппе, Реал Мадрид

Фото: Instagram/ReaLmadrid

Лондонның «Челси» клубы мадридтік «Реалдың» француз шабуылшысы Килиан Мбаппеге қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz El Nacional басылымына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, ағылшын клубының жаңа бас бапкері Хаби Алонсо шабуылшыны өз командасында көргісі келеді. Сондай-ақ «Челси» басшылығы футболшының анасы әрі агенті Файза Ламаримен байланыс орнатқаны айтылды.

Мбаппенің мадридтік клубпен келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt порталы француз футболшысының нарықтық құнын 200 миллион еуроға бағалап отыр.

Биылғы маусымда Килиан Мбаппе 43 матч өткізіп, 41 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді. Жалпы «Реал» сапында ол 102 ойын өткізіп, 85 гол мен 12 ассист авторы атанды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру