Team Spirit PGL Astana 2026 турнирінің чемпионы атанды

pic 20260517 2048x1152 1534530672 1

Ресейлік Team Spirit командасы Counter-Strike 2 бойынша өткен PGL Astana 2026 турнирінің жеңімпазы болды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Гранд-финал 17 мамыр күні Астанада өтті.

Шешуші кездесуде Team Spirit Team Falcons ұжымымен ойнап, серияны 3:0 есебімен өз пайдасына аяқтады. Dust2 картасында «айдаһарлар» 16:12 есебімен жеңіске жетті. Кейін Mirage картасында 13:7 есебімен басым түссе, Ancient картасында 13:10 нәтижесімен чемпиондықты рәсімдеді.

Финалдың үздік ойыншысы Данил donk Крышковец атанды. Ол үш картада 62 килл жасап, 46 рет қаза тапты. Оның рейтинг көрсеткіші 1,52 болды. Ал Falcons сапында Максим kyousuke Лукин оң рейтингпен серияны аяқтады.

Турнирдегі жеңісі үшін Team Spirit 512 мың доллар көлемінде жүлде алды. Үшінші орын үшін өткен матчта қазақстандық Абдурахим mo0N Иса өнер көрсететін еуропалық magic командасы MOUZ ұжымына есе жіберді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру