Александр Бублик Женевадағы ATP-250 турниріне қатысады

Фото: Getty Images
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Женевада өтетін ATP-250 турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Жарыс 17-23 мамыр аралығында өтеді.
Қазақстандық теннисші турнирде екінші нөмірмен тіркелді. Соның арқасында ол жарысты бірден екінші айналымнан бастайды.
Бубликтің алғашқы қарсыласы италиялық Лоренцо Сонего мен іріктеу кезеңінен өткен теннисшілердің бірі арасындағы матчтың жеңімпазы болады.
Женевадағы турнирдің қазіргі чемпионы — сербиялық Новак Джокович. Өткен маусымда ол осы жарыста мансабындағы 100-ші ATP титулын жеңіп алған еді.
Алдыңғы мақала:
Мануэль Нойер «Бавариямен» келісімшартын ұзартуға қатысты пікір айттыКелесі мақала:
Шымкентте УЕФА финалдарын қабылдай алатын жаңа стадион салынып жатыр
