Данил molodoy Голубенко өнер көрсеткен команда турнирден шығып қалды

Данил molodoy Голубенко

Жартылай финал жолдамасы үшін өткен матч турнирдегі ең ұзақ әрі тартысты сериялардың біріне айналды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. FURIA Esports пен Falcons арасындағы кездесу 4 сағат 23 минутқа созылды.

Қазақстандық мерген Данил molodoy Голубенко өнер көрсететін бразилиялық FURIA командасы матчты сәтті бастап, Mirage картасында 13:9 есебімен жеңіске жетті.

Алайда кейін Falcons ойын тізгінін өз қолына алды. Nuke картасында командалар бірнеше овертайм өткізіп, еуропалық ұжым 22:20 есебімен басым түсті. Ал жартылай финал тағдыры шешілген Dust2 картасында Falcons тағы да қосымша раундтарда жеңіске жетті — 19:17.

Команда турнирден шығып қалғанымен, Данил molodoy Голубенко жарыс барысында жоғары деңгейдегі ойын көрсетті. Қазақстандық ойыншы чемпионаттағы ең үздік көрсеткіштерінің бірін тіркеп, FURIA құрамындағы негізгі ойыншылардың біріне айналды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру