Ризабек Айтмұхан RAF лигасындағы келесі белдесуін өткізеді
Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан америкалық Real American Freestyle лигасында кезекті белдесуін өткізеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Отандасымыз RAF 10 турнирінде өнер көрсетеді.
Ұйымның баспасөз қызметінің мәліметінше, жарыс 13 маусым күні АҚШ-тың Миссури штатындағы Сент-Луис қаласында өтеді. Айтмұханның қарсыласы америкалық Хейден Зилльмер болады. Бұл белдесу америкалық спортшы үшін лигадағы алғашқы кездесу болмақ.
Еске салсақ, сәуір айында қазақстандық балуан RAF 08 турнирінде Олимпиада чемпионы Кайл Снайдермен күрескен еді. Ризабек белдесуді сәтті бастап, 6:0 есебімен алға шыққанымен, кейін қарсыласына 6:12 есебімен есе жіберді.
Ризабек Айтмұхан — 2023 жылғы әлем чемпионы. Сонымен қатар оның қоржынында Азия чемпионаттарының үш күміс медалі бар.

