Асу Алмабаевтың болашақ қарсыласы UFC рейтингінде төмендеді
UFC 328 турнирінен кейін ұйымның жаңартылған рейтингінде өзгерістер болды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Өзгерістер қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың болашақ қарсыласына да әсер етті.
Америкалық Чарльз Джонсон UFC-дің аса жеңіл салмақ рейтингінде бір сатыға төмендеп, 14-орынға түсті. Еске салсақ, дәл осы файтермен Асу Алмабаев 27 маусым күні Бакуде өтетін UFC турнирінде кездеседі. Ал қазақстандық спортшы рейтингтегі сегізінші орнын сақтап қалды.
Басқа салмақ дәрежелерінде де айтарлықтай өзгерістер тіркелді. Жартылай орта салмақта украиналық Ярослав Амосов бірден төрт орынға көтеріліп, үздік ондыққа енді.
Салмақ дәрежесіне қарамастан үздік файтерлер рейтингінде Шон Стрикленд UFC 328 турниріндегі жеңісінен кейін жетінші орынға көтерілді. Ал Хамзат Чимаев жеті сатыға төмендеп, оныншы орынға сырғыды. Сонымен қатар Чарльз Оливейра мен Дрикус дю Плесси де бір позициядан жоғалтты.



