Шавкат Рахмонов UFC-дегі ең ұзақ жеңіс сериясы бар файтерлер қатарында
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC ұйымында жеңіліссіз ең ұзақ жеңіс сериясына ие спортшылардың қатарында, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ол бұл көрсеткіш бойынша көшбасшылардың бірі саналады.
Рахмоновтың еншісінде ұйымдағы жеті жеңіс бар. Бұл нәтиже бойынша ол эквадорлық Майкл Моралеспен бір деңгейде тұр. Ал бұл тізімде Наталия Сильва (8 жеңіс), Илия Топурия (9), Хамзат Чимаев (9) және Мовсар Евлоев (10) жоғары орналасқан.
Шавкат соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, Иэн Гэрриді жеңген болатын. Осыдан кейін ол жарақатына байланысты үзіліс алды.
Қазіргі уақытта файтердің октагонға оралуы осы жылдың соңына немесе келесі жылдың басына жоспарланып отыр.
Алдыңғы мақала:
Абиба Әбужақынова IJF рейтингінде бесінші орынға түстіКелесі мақала:
Наоя Иноуэ The Ring нұсқасы бойынша P4P рейтингінің көшін бастады
