Жұмағұлов Алматыда жаңа форматта жекпе-жек өткізеді

Жалгас Жумагулов

Фото: OKTAGON

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов мансабындағы жаңа кезеңге дайындалып, Алматыда өтетін турнирде жаңа форматтағы жекпе-жекте дебют жасайды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Оның қарсыласы қырғызстандық Қайрат Нурбай уулу болады.

Жекпе-жек 11 сәуір күні «Алматы Аренада» IBA Nomad турнирі аясында өтеді. Бұл айқас екі спортшы үшін де осы лигадағы алғашқы кездесу болмақ. Ұйымдастырушылар бұл жекпе-жекті турнирдің басты қарсыластықтарының бірі ретінде атап өтті.

Бұл форматтың ерекшелігі — жекпе-жектер ММА қолғаптарымен бокс ережелері бойынша өткізіледі, сондай-ақ қысқа клинчтер мен ұстасуларға рұқсат етіледі. Мұндай регламент классикалық бокс пен аралас жекпе-жектен ерекшеленеді.

Қайрат Нурбай уулудың кәсіби рекорды — 16 жеңіс және 7 жеңіліс. Ол соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 25 мамырында Ош қаласында өткен Ala-Too Boxing League 4 турнирінде өткізіп, ресейлік Магомед Магомедовты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру