Арман Әшімов Алматыда жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық файтер Арман Әшімов келесі жекпе-жегін 11 сәуір күні Алматыда өтетін «Nomad Fighting» турнирінде өткізеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Оның қарсыласы тәжікстандық Дильшод Норкузиев болады.
Бұл жекпе-жек Әшімов үшін Rizin Fighting Federation ұйымындағы өнер көрсеткеннен кейінгі алғашқы айқас болмақ. Қазақстандық спортшы 2024 жылдың наурызында жапон промоушенінде дебют жасап, Юсаку Накамураға төрешілер шешімімен жеңілген еді. Алдағы кездесу оның халықаралық деңгейден кейінгі мансабындағы маңызды кезеңдердің бірі ретінде қарастырылады.
Дильшод Норкузиевтің кәсіби рекорды алты жеңіс пен бір жеңілістен тұрады. Ол соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың желтоқсанында Ташкентте өткен Octagon 83 турнирінде өткізіп, қарсыласын бірінші раундтың 40-секундында нокаутпен жеңген.
Осылайша, Алматыдағы кездесу екі спортшы үшін де маңызды сынақ болмақ. Әшімов жеңісті жолға қайта оралуға тырысса, Норкузиев өзінің табысты сериясын жалғастыруға ұмтылады.
Ерекешева Афинадағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық жас шабуылшы «Атлетико» клубына қаралымға барды
