Морозова конькимен жүгіруден әлем чемпионатында жетінші орын алды

Надежда Морозова

Нидерландтың Херенвен қаласында классикалық көпсайыс бойынша конькимен жүгіруден әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Бұл жарыста Қазақстан құрамасының намысын Надежда Морозова қорғап, турнир қорытындысы бойынша жалпы есепте жетінші орынды иеленді.

Классикалық көпсайыс бағдарламасы бірнеше қашықтықтан тұрады. Қазақстандық спортшы алдымен 500 метр қашықтықта өнер көрсетіп, үшінші нәтижені көрсетті. Кейін 3000 метрлік жарысқа қатысып, бұл дистанцияда оныншы болып мәреге жетті.

Келесі кезеңде Морозова 1500 метр қашықтықта жарысқа түсті. Бұл дистанцияда ол алтыншы орын алды. Осы нәтиженің арқасында қазақстандық спортшы 24 қатысушының ішінен үздік сегіздікке еніп, жарыстың соңғы қашықтығы — 5000 метрге қатысу құқығына ие болды.

5000 метрлік жарыста Морозова жетінші нәтиже көрсетіп, жалпы есепте де жетінші орынға тұрақтады. Оның жиынтық көрсеткіші 160.435 балл болды. Әлем чемпионы атағын норвегиялық Рагне Виклунд жеңіп алды — 157.457 балл. Екінші орын нидерландтық Марейке Груневаудқа (158.086) бұйырса, үшінші орын жапониялық Михо Такагиға (158.287) тиесілі болды. Классикалық көпсайыста жеңімпаз ең аз балл жинаған спортшы болып есептеледі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 16:00 Басқа
Қазақстан құрамасының Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын құрамы жарияланды
21 Окт - 10:30 Басқа
Қазақстандық садақшылар Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
21 Окт - 09:05 Басқа
Ислам Салимов Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
21 Окт - 08:30 Басқа
Махамбет Серікқалиев Азия Пара ойындарында қола медаль жеңіп алды
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 12:00 Басқа
Биржан Оразов: Қазақстан құрамасының мақсаты – іріктеу тобында бірінші орын алу
20 Окт - 11:20 Басқа
Севда Әлиева Азия Пара ойындарында үздік алтылыққа енді
20 Окт - 10:49 Басқа
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Budapest Trophy додасында жүлдесіз қалды
20 Окт - 09:15 Басқа
Қазақстан пара үстел теннисінен Азия Пара ойындарындағы алғашқы медальдарын алды
20 Окт - 08:20 Басқа
Гүлім Құрманбаева Азия Пара ойындарында жүлдеге сәл жетпей қалды