Михаил Шайдоров: Олимпиада чемпионы атанғаныма әлі де сене алар емеспін. Медальді Қазақстан халқына арнаймын

Михаил Шайдоров

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Жеңістен кейін отандасымыз бұл жүлдеге қол жеткізу қиын болғанын айтты.

“Шынымды айтсам, әлі де сене алар емеспін. Маусым бойы өз-өзіммен күрестім. Бұл маусым мен үшін аса ауыр болды. Жарыстарда бес бірдей төрттік секіруді шамамен үш рет орындап көруге тырыстым, бірақ бірде-бір рет сәтті шықпады. Ал бүгін бәрі сәтті орындалды. Сәті түсіп, қолымнан келді.

Мен бұл Олимпиадаға ұзақ дайындалдым. Маусым бойы бар ойым – өз ісімді адал атқару болды. Енді еңбегімнің жемісін көріп отырмын. Бұл медальді Қазақстан халқына арнаймын.

Шынымды айтсам, өзге спортшылар үшін де қатты алаңдадым. Өйткені Олимпиада – өте жауапты әрі жүйкеге салмақ түсіретін жарыс. Маған толқуды еңсеру бұйырды, ал кейбір спортшылар эмоциясын басқара алмады. Ұпай жарияланғанда аралық үшінші орынға көтерілгеніме де сене алмадым. Ал бірінші орын алғанымды түсінген сәтте тіпті…

Қолдау керемет болды. Әлеуметтік желіге кіру мүмкін болмады. Трибунадағы жанкүйерлердің қолдауы ерекше сезілді. Бәрі кино сияқты. Әзірше не болып жатқанын толық сезініп үлгермедім.

Бұл медаль мен үшін де, еліміз үшін де аса маңызды. Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудың дамығанын қалаймын. Сол үшін бар күшімді саламын. Жағдай жасалып, жастарға мүмкіндік берілсе екен деймін.

Менің медалім Денис Тен үшін де маңызды болар еді деп ойлаймын. Ол бізге жол ашты. Оның да жолы оңай болған жоқ, менікі де жеңіл болмады. Қазақ мәнерлеп сырғанауының дамуына қосқан үлесі үшін Дениске алғыс айтамын.

Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп жатқан барлық спортшыға сәттілік тілеймін. Оларға жанкүйер боламын. Қолымнан келгенше жарыстарға барып, қолдау көрсетуге тырысамын”, – деді Олимпиада чемпионы.

Айта кетейік, Қазақстан тәуелсіз ел ретінде қысқы Олимпиада ойындары тарихындағы екінші алтын медалін жеңіп алды. Бұған дейін 1994 жылы шаңғышы Владимир Смирнов ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені салған еді.

Сондай-ақ бұл – Қазақстан тарихында мәнерлеп сырғанаудан жеңіп алынған алғашқы Олимпиада алтыны. Бұған дейін 2014 жылы Денис Тен қола медаль жеңіп алған еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Фев - 19:10 Басқа
Михаил Шайдоров Олимпиададан кейін өзінің шыққан тегі туралы пікір білдірді
14 Фев - 17:04 Басқа
Қазақстандық могулшылар Олимпиада-2026 жарысын аяқтады
14 Фев - 13:11 Басқа
Михаил Шайдоров Олимпиада алтыны үшін 250 мың доллар көлемінде сыйақы алады
14 Фев - 11:41 Басқа
Михаил Шайдоров: Олимпиада чемпионы атанғаныма әлі де сене алар емеспін. Медальді Қазақстан халқына арнаймын
14 Фев - 09:10 Басқа
Қазақстан құрамасы Олимпиада-2026 медаль кестесінде 15-орынға көтерілді
14 Фев - 08:38 Басқа
Михаил Шайдоров Олимпиададағы Қазақстан медаль қорын толықтырды
14 Фев - 03:28 Басқа
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды
11 Фев - 10:00 Басқа
Михаил Шайдоров Олимпиада-2026 ойындарында еркін бағдарламаға өтті
10 Фев - 08:00 Басқа
Олимпиада-2026: қазақстандық спортшылардың 10 ақпандағы жарыс кестесі
08 Фев - 21:43 Басқа
Қазақстан құрамасы Олимпиаданың екінші күнін жүлдесіз аяқтады