Қазақстандық шорт-трекші жасөспірімдер арасындағы әлемдік рекорд орнатты

1769998297 1

Қазақстандық шорт-трекші Богдан Вехов АҚШ-та өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, 1000 метр қашықтықта жаңа әлемдік рекорд орнатты.

1000 метр дистанциясында Вехов 1:21.958 уақыт нәтижесін тіркеп, жасөспірімдер санатындағы әлемдік рекордты жаңартты. Бұл көрсеткіш осы жас ерекшелігі бойынша бұрын-соңды тіркелген ең үздік нәтиже болып отыр.

Бұған дейінгі әлемдік рекорд Оңтүстік Корея өкілі Джу Джехиге тиесілі еді. Ол 1:22.352 нәтижесін 2024 жылғы 15 қарашада Италияның Бормио қаласында өткен ISU жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында көрсеткен болатын. Богдан Веховтың уақыты кореялық спортшының нәтижесінен үш ондық секундтан астамға жылдам шықты.

Айта кетейік, рекорд орнатқанына қарамастан, 1000 метр қашықтықтағы финалдық жарыста қазақстандық шорт-трекші мәреге үшінші болып келіп, қола жүлдені иеленді. Алтын медальді Оңтүстік Корея спортшысы жеңіп алса, күміс жүлде Қытай өкіліне бұйырды. Жарыс чемпионаттың соңғы күнінде өтті.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Июн - 21:05 Басқа
Қытайдағы триатлоннан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына үшінші медаль түсті
08 Июн - 13:45 Басқа
Алматы облысы жағажай самбосынан Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті
08 Июн - 09:17 Басқа
Ақмарал Ерекешева Испаниядағы турнирде екі медаль жеңіп алды
07 Июн - 19:45 Басқа
Антонелли Монако Гран-приінде жеңіске жетіп, сериясын жалғастырды
07 Июн - 16:25 Басқа
Бибісара Асаубаева тарихи жеңістен кейін жанкүйерлерге алғыс айтты
06 Июн - 12:05 Басқа
Бибісара Асаубаева FIDE рейтингісінің үздік бестігіне көтерілді
04 Июн - 21:28 Басқа
Бибісара Асаубаева Norway Chess турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті
02 Июн - 10:55 Басқа
Бибісара Асаубаева ФИДЕ-нің лайв-рейтингінде төртінші орынға көтерілді
01 Июн - 09:15 Басқа
Ильфат Абдуллин Словениядағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
01 Июн - 08:30 Басқа
Бибісара Асаубаева Norway Chess турнирінде қайтадан жеке көш бастады