ISU төрт қазақстандық шорт-трекшінің 2026 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алғанын растады

Шорт-трек

Фото: НОК РК

Халықаралық конькишілер одағы (ISU) Италияда өтетін 2026 жылғы Олимпиада ойындарындағы шорт-трек жарыстарына бөлінген квоталардың ресми тізімін жариялады.

Іріктеу кезеңдерінің нәтижесінде бұл додада төрт қазақстандық спортшы ел намысын қорғайды.

Қазақстан ерлер арасында 500 метрлік қашықтықта екі спортшыны және 1000 метрде бір спортшыны жарысқа қосу құқығына ие болды.

Әйелдер құрамасы 500 метрде екі, 1000 метрде бір және 1500 метрде екі спортшыны тіркей алады.

Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасы аралас эстафетаға да қатысады.

ISU мен Халықаралық Олимпиадалық комитетінің ережесіне сай, шорт-тректе берілетін жолдамалар спортшыларға жекелей емес, елге тиесілі. Сондықтан құрамаға кімдердің ілінетіні туралы соңғы шешімді бапкерлер штабы қабылдайды.

Белгіленген мерзім ішінде ұлттық федерация өздерінің аталған жарыстарға қатысатынын ресми түрде растауы қажет. Осы рәсім аяқталғаннан кейін квоталар Қазақстанға түбегейлі бекітіліп, Олимпиадаға баратын спортшылар тізімі мақұлданады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 16:00 Басқа
Қазақстан құрамасының Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын құрамы жарияланды
21 Окт - 10:30 Басқа
Қазақстандық садақшылар Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
21 Окт - 09:05 Басқа
Ислам Салимов Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
21 Окт - 08:30 Басқа
Махамбет Серікқалиев Азия Пара ойындарында қола медаль жеңіп алды
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 12:00 Басқа
Биржан Оразов: Қазақстан құрамасының мақсаты – іріктеу тобында бірінші орын алу
20 Окт - 11:20 Басқа
Севда Әлиева Азия Пара ойындарында үздік алтылыққа енді
20 Окт - 10:49 Басқа
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Budapest Trophy додасында жүлдесіз қалды
20 Окт - 09:15 Басқа
Қазақстан пара үстел теннисінен Азия Пара ойындарындағы алғашқы медальдарын алды
20 Окт - 08:20 Басқа
Гүлім Құрманбаева Азия Пара ойындарында жүлдеге сәл жетпей қалды