Мизанодағы алтын финал: Artline Kazakhstan Lamborghini Super Trofeo әлем чемпионы атанды

img 8627 scaled

Artline Kazakhstan командасы Lamborghini Super Trofeo World Finals 2025 жарысында Pro-Am санатында әлем чемпионы атанып, тарихи жеңіске жетті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Әлемдік финалдың шешуші кезеңі Италияның әйгілі Мизано автодромында өтіп, әлемнің ең мықты 38 командасын жинады.

Бірінші жарыста жеңіске жеткеннен кейін қазақстандық экипаж — Шота Абхазава мен Егор Оруджев жалпы есепте айтарлықтай артықшылыққа ие болды. Екінші жарыста олар үшінші орыннан бастады, тұрақты қарқын көрсетіп, қарсыластарымен қауіпсіз арақашықтық сақтады. Пилот ауысқаннан кейін Абхазава жоғары шеберлік танытып, мәреге екінші болып жетті. Бұл нәтиже командаға қос бәйгенің қорытындысы бойынша жалпы жеңіс әкелді.

Қорытынды есепте Artline Kazakhstan 27 ұпай жинап, Pro-Am санатында әлем чемпионы атанды. Осылайша, қазақстандық команда Lamborghini Super Trofeo тарихында алғаш рет елге әлемдік атақ сыйлады. Бұл жетістік маусым бойғы табысты нәтижелердің қорытындысы болды — команда маусымды Еуропа финалындағы күміс жүлдеден бастап, әлемдік чемпиондықпен аяқтады.

Команда жетекшісі әрі пилот Шота Абхазава бұл жетістікті ұзақ жылдар бойғы еңбектің нәтижесі деп атап өтті:
«Біз тарихи нәтижеге қол жеткіздік — Artline Kazakhstan Lamborghini Super Trofeo жарысының барлық санатында әлем чемпионы болды: AM, PRO, Lamborghini Cup және енді PRO-AM. Бұл — біздің және Қазақстанның үлкен мақтанышы».

Екінші жарыстың жалпы есебінде жеңіске Wayne Taylor Racing (Дэнни Формал мен Хампус Эрикссон) экипажы жетті, ал Artline Kazakhstan өз санатында екінші, ал жалпы есепте 11-орынға ие болды. Үздік үштікті VSR командасының өкілдері Крис Ван дер Дрифт пен Тодд Кингсфорд түйіндеді. Мизанодағы бұл жеңіс Қазақстан автоспорты тарихындағы ең жарқын беттердің бірі ретінде есте қалады.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
02 Окт - 09:10 Басқа
Рита Бакишева Азия ойындарында тарихи қола медаль жеңіп алды
28 Сен - 16:00 Басқа Жеңіл атлетика
Ясмина Тоқсанбаеваның Азия ойындарындағы нәтижесі жарамсыз деп танылды
28 Сен - 15:05 Басқа
Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны US Open-дегі жеңісінен кейін қабылдады
28 Сен - 11:37 Басқа
Қазақстандық мергендер Азия ойындарында тоғызыншы орынға ие болды
28 Сен - 08:30 Басқа
Қазақстан артистік жүзуден Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
26 Сен - 12:05 Басқа
Қазақстандық гандболшылар Азия ойындарын ірі жеңіспен аяқтады
25 Сен - 13:44 Басқа
Денис Сергиенко Азия ойындарында маунтинбайктен бесінші орын алды
25 Сен - 12:05 Басқа
Ислам Сатпаев Азия ойындарының финалына шықты
25 Сен - 10:45 Басқа
«Барыс» «Нефтехимикке» қарсы матч алдында қатарынан үшінші жеңіске ұмтылмақ
25 Сен - 09:15 Басқа
Мария Бровкова мен Юлиана Киселева Азия ойындарында төртінші орын алды