Джек Делла Маддалена Хамзат Чимаевпен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

Джек Делла Маддалена

Джек Делла Маддалена. Фото: Getty Images

Жартылай орта салмақтағы (77 кг дейін) UFC чемпионы Джек Делла Маддалена орта салмақтағы чемпион Хамзат Чимаевпен жекпе-жекке шығуға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

«Мен белбеуімді қорғап жүретін чемпион болғым келеді. Чемпион жоғары дивизионға көтерілу алдында үздік ондықтағы қарсыластардың көбін жеңуі керек деп санаймын. Исламның (Махачевтің) жасағанын құрметтеймін — ол өз салмағында бәрін жеңіп, дұрыс уақытта жоғары көтерілді. Мен де салмақ ауыстыру туралы ойланбас бұрын, бірнеше мәрте титулымды қорғағым келеді.

Орта салмақтағы жекпе-жек пе? Әрине, иә. Мен әрқашан Хамзат Чимаевпен кездесуді армандадым. Егер мансабым жоспарлағандай өрбітсе, бұл мен үшін үлкен сынақ болмақ», — деді Маддалена New York Post басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, австралиялық чемпион 16 қараша күні Нью-Йоркте өтетін UFC 322 турнирінде Ислам Махачевке қарсы титулын қорғайды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру