Михаил Шайдоров Гран-при финалына жолдама үшін күреседі

Михаил Шайдоров

Михаил Шайдоров

2025/26 жылғы маусымдағы фигуралық сырғанаудан Гран-при сериясы Милан мен Кортин-д’Ампеццода өтетін Олимпиада алдында маңызды кезең саналады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Әр кезең — спортшылардың дайындық деңгейін тексеретін сынақ әрі маусым қорытындысы өтетін финалға іріктеу. Ал үздік алтылыққа ену үшін қазақстандық Михаил Шайдоров таласқа түсіп жатыр.

Қазірге дейін Франция, Қытай және Канададағы үш кезең артта қалды. Көш басында америкалық Илья Малинин — ол екі жеңісінің арқасында 30 ұпай жинады. Ал әлем чемпионатының күміс жүлдегері Шайдоров Чунцинде өткен кезеңде үшінші орын алып, жапон Шун Сато мен италиялық Даниэль Грассльге жол берді. Қазіргі ұпай саны — 11, жалпы есепте сегізінші орында.

Қазақстандық спортшы үшін шешуші сын АҚШ-та өтетін кезең болмақ. 14–16 қараша күндері Лэйк-Плэсид мұз айдынында өтетін жарыста Михаил өз бағдарламасын мінсіз орындап, жүлделі үштікке енуге ұмтылады. Оның басты бәсекелестері — Ника Егадзе (18 ұпай), Шун Сато (15), Адам Сяо Хим Фа (13), Даниэль Грассль (13) және Александр Селевко (13).

Бұған дейін Шайдоров Гран-при финалында бір мәрте сынға түскен еді. Ол жарақат алған француз Адам Сяо Хим Фаны алмастырып, бесінші орын алған болатын. Сол кезде жеңіс Илья Малининге бұйырған, екінші орынды Юма Кагияма, үшіншіні Шун Сато иеленген. Бұл жолы Михаил финалға өз еңбегімен тікелей жолдама алуды және әлемдік үздіктер қатарына кіруді мақсат етіп отыр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 16:00 Басқа
Қазақстан құрамасының Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын құрамы жарияланды
21 Окт - 10:30 Басқа
Қазақстандық садақшылар Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
21 Окт - 09:05 Басқа
Ислам Салимов Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
21 Окт - 08:30 Басқа
Махамбет Серікқалиев Азия Пара ойындарында қола медаль жеңіп алды
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 12:00 Басқа
Биржан Оразов: Қазақстан құрамасының мақсаты – іріктеу тобында бірінші орын алу
20 Окт - 11:20 Басқа
Севда Әлиева Азия Пара ойындарында үздік алтылыққа енді
20 Окт - 10:49 Басқа
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Budapest Trophy додасында жүлдесіз қалды
20 Окт - 09:15 Басқа
Қазақстан пара үстел теннисінен Азия Пара ойындарындағы алғашқы медальдарын алды
20 Окт - 08:20 Басқа
Гүлім Құрманбаева Азия Пара ойындарында жүлдеге сәл жетпей қалды