Ілияс Хамзин Karate Combat лигасының орта салмақтағы чемпионы атанды

Ильяс Хамзин

Фото: RCC

Ресейде тұратын қазақ файтері Ілияс Хамзин Karate Combat лигасында чемпиондық атаққа ие болды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ол Майами (АҚШ, Флорида штаты) қаласында өткен Karate Combat 57 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Орта салмақтағы чемпиондық белбеу сарапқа салынған кездесуде Хамзин америкалық Адриан Уэзерсбимен жұдырықтасты. Бес раундқа созылған айқаста төрешілер бірауыздан шешім шығарып, 48–46 есебімен жеңісті Ілиясқа берді. Осылайша, ол Karate Combat ұйымының орта салмақтағы жаңа чемпионы атанды.

Karate Combat лигасы толықконтактті каратэ ережелері бойынша өткізіледі. Жекпе-жектер арнайы еңіс қабырғалы «шұңқыр» алаңында, төрт унциялы қолғаптармен өтеді.

Бұл жеңіс Ілияс Хамзиннің мансабындағы ең маңызды жетістіктердің бірі болды. Ол алдағы маусымда чемпиондық белбеуін қорғау үшін дивизионның үздік спортшыларымен кездеседі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Фев - 11:12 ММА
UFC Fight Night 268: Морено Асу Алмабаевтың орнына Каванамен кездеседі
03 Фев - 08:57 ММА
Асу Алмабаев UFC Mexico турнирінің басты жекпе-жегінен жарақатына байланысты шығып қалды
01 Фев - 18:25 ММА
Дастан Амангелді «Oktagon» промоушеніндегі дебюттік жекпе-жегін жеңіспен бастады
01 Фев - 14:01 ММА
Шавкат Рахмонов операциядан кейін үзіліс алатынын мәлімдеді
01 Фев - 10:12 ММА
Шавкат Рахмонов тізесіне операция жасатып, шамамен бір жылға қатардан шықты
29 Янв - 18:35 ММА
Ислам Махачевтің келесі жекпе-жегі мамыр немесе маусым айларына жоспарлануы мүмкін
28 Янв - 14:46 ММА
Жалғас Жұмағұлов Шавкат Рахмоновтың октагонға оралу уақыты туралы пікір білдірді
27 Янв - 08:15 ММА
Mangu MMA лигасында Азат Мақсұм мен Рамазан Темиров титул үшін кездеседі
23 Янв - 14:07 ММА
Қаршыға Дәуітбек Rizin 52 турнирінде Жапонияда жекпе-жек өткізеді
22 Янв - 21:00 ММА
Жалғас Жұмағұлов UFC-ке қайта оралу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр