Қазақстан велошабандоздары Бахрейндегі жасөспірімдер Азия ойындарында алтын жеңіп алды

1761289236 1

Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер Азия ойындарында Қазақстанның тасжолдағы велоспорт құрамасы алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Отандастарымыз жеке бастау жүйесімен өткен аралас командалық эстафетада топ жарды.

Бірінші кезеңнен кейін қазақстандықтар үшінші орында тұрған еді, алайда шешуші екінші айналымда жоғары нәтиже көрсетіп, мәреге бірінші болып жетті. Ел намысын Кирилл Полышев, Данил Третьяков, Ринат Ерик, Ирина Ивановская, Валерия Кузнецова және Анель Ташбай қорғады.

Бастапқыда күміс медаль Иранға, ал қола Тайбэйге берілген болатын. Алайда нәтижелер қайта қаралған соң, Иран құрамасы мәреге жетпеді деп танылып, Тайбэй екінші орынға, ал Қытай үшінші орынға көтерілді.

Бұл алтын — Қазақстан құрамасының биылғы Азия ойындарындағы алғашқы жеңісі. Ол ел қоржынына ерекше мәнге ие тарихи медаль болып енді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
21 Апр - 14:42 Велосипед
Әлішер Жұмақан велотректен Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді
20 Апр - 13:01 Велосипед
Николя Винокуров «Хайнань турында» үздік азиялық велошабандоз атанды
16 Апр - 18:24 Велосипед
«Астана» «Хайнань турында» кезеңінде жеңіске жетіп, жалпы есепте көш бастады
30 Мар - 13:23 Велосипед
Жұмақан тректегі велоспорттан Азия чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды
27 Мар - 20:08 Велосипед
«Астана» велокомандасының шабандозы Италиядағы кезеңде жүлдегер атанды
17 Мар - 14:38 Велосипед
Қазақстан тректегі велоспорттан Азия чемпионатында өнер көрсетеді
08 Фев - 20:17 Велосипед
«XDS Astana Team» командасының шабандозы «Оман туры» көпкүндігінде екінші орын алды
05 Фев - 12:17 Велосипед
Велоспорт: Рината Сұлтанова Азия чемпионы атанды
23 Янв - 21:50 Велосипед
«XDS Astana Team» сапындағы италиялық шабандоз Еуропадағы маусымның алғашқы жарысында жеңіске жетті
17 Дек - 16:03 Велосипед
Кристиан Скарони XDS Astana Team құрамында 2028 жылға дейін қалады