Макс Кантер «Тур Гуанси» жарысының алғашқы кезеңінде екінші орын алды

Макс Кантер Астана Про тим

Фото: sprintcycling

14 қазанда Қытайда маусымның соңғы Мировой тур кезеңі — «Тур Гуанси» көпкүндік жарысы басталды. Алғашқы кезең жаппай спринтпен аяқталды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

XDS Astana Team командасының өкілі Макс Кантер тамаша нәтиже көрсетіп, мәреде екінші болып келді. Ол тек Поль Маньеге есе жіберді.

«Бүгін спринт болатынын білген едік, сондықтан күн бойы сабыр сақтап, күшімізді соңына дейін үнемдеуге тырыстық. Команда керемет жұмыс атқарды — мені пелотон ішінде жақсы позицияда ұстады, су жеткізіп отырды. Соңғы екі шақырымда алдыңғы қатарға шығып, финалда жақсы спринт жасадым. Бұл біз үшін тамаша бастама», — деді Кантер.

Айта кетсек, «Тур Гуанси» жарысы 19 қазанға дейін жалғасады және маусымның соңғы Мировой тур кезеңі болмақ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру