Данил «molodoy» Голубенко FISSURE PLAYGROUND 2 турнирінің MVP атанды

Данил Голубенко

Фото: Game-Tournaments

Қазақстандық мерген, FURIA Esports сапында өнер көрсететін Данил «molodoy» Голубенко HLTV.org нұсқасы бойынша FISSURE PLAYGROUND 2 турнирінің ең құнды ойыншысы деп танылды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

12–21 қыркүйек аралығында Сербияда өткен жарыста командалар $500 мың жүлде қорын сарапқа салды. Финалда FURIA Esports The Mongolz ұжымын 3:2 есебімен жеңіп, $200 мың иеленді.

Голубенко 18 карт ойнап, орташа жеке көрсеткіші 1,19 болды. Бар болғаны үш ойынды ғана теріс көрсеткішпен аяқтады. Бұл марапат – оның мансабындағы алғашқысы.

Айта кетейік, Данил 2025 жылдың сәуірінде FURIA Esports құрамына қосылған. Бұған дейін ол DMS және Amkal Esports сапында өнер көрсетті. Жақында HLTV.org оны әлемнің ең үздік 10 жас ойыншысының қатарына енгізді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру