Жекпе-жекте жарақат алған Егембердиев АСА-дегі кездесуінде жеңіліс тапты

Евгений Егембердиев

Евгений Егембердиев. Фото: ACA.com

Санкт-Петербургте өткен АСА 186 турнирінде Евгений Егембердиев кезекті жекпе-жегін өткізді. 40 жастағы қазақстандық файтер бұрын UFC-де өнер көрсеткен ресейлік Максим Гришинмен қолғап түйістірді.

Көп күттірмеген жекпе-жек екінші раундтың басында аяқталды. Егембердиевтің бицепсі жыртылып, айқасты жалғастыра алмады. Осыған байланысты жеңіс техникалық нокаутпен қарсыласына берілді.

Бұл — Евгенийдің мансабындағы бесінші жеңілісі және 2021 жылдан бергі алғашқысы. Ал 41 жастағы Гришин осымен қатарынан үшінші рет жеңіп отыр. Айта кетейік, ол бұған дейін де бір қазақстандық спортшы — Асылжан Бахытжанұлын ұтқан болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру