Жас жұлдыз Ямаль әлемнің ең қымбат футболшысы атанды

Ламин Ямаль

Фото: Getty Images

«Барселона» мен Испания құрамасының 17 жастағы жартылай қорғаушысы Ламин Ямаль CIES ұйымының нұсқасы бойынша әлемдегі ең қымбат футболшы атанды. Оның трансферлік құны 402,3 миллион еуро деп бағаланған.

Бұл көрсеткішке оның жуырда клубпен 2031 жылға дейін келісімшартты ұзартқаны себеп болды. Жаңа шарт бойынша, Ямаль салық ұстап қалғаннан кейін жылына 8 миллион еуро табыс табады. Сондай-ақ әртүрлі бонустардың сомасы 20 миллионға дейін жетуі мүмкін.

Екінші орында — «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд. Оның құны 239,6 миллион еуроға бағаланған. Үздік үштікті 233,8 миллион еуромен мадридтік «Реалдың» ойыншысы Джуд Беллингем түйіндеді.

Төртінші сатыда — Килиан Мбаппе (192,5 млн), ал бесінші орынды мюнхендік «Баварияның» футболшысы Джамал Мусиала (154,8 млн) иеленіп отыр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді