Жарқын жеңіс – рейтингке жетпеді: Алмахан ТОП-15 тізімінен тыс қалды

Бекзат Алмахан

Бекзат Алмахан. Фото: Zuffa LLC

UFC 315 турнирінде айқын жеңіске жеткеніне қарамастан, қазақстандық файтер Бекзат Алмахан жаңартылған рейтингтен орын ала алмады. Монреальде өткен жарыста ол алғашқы минутта-ақ қарсыласын нокаутқа жіберген еді.

Кештің ашылу жекпе-жегінде Алмахан канадалық Брэд Катонуды техникалық нокаутпен жеңіп, UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бірақ бұл нәтиже оны жеңіл салмақтағы үздік он бестікке енгізуге жеткіліксіз болды.

Айта кетейік, бұл – Алмаханның UFC-дегі екінші кездесуі. 2024 жылы дебют жасаған ол Умар Нурмагомедовке ұпай санымен жол беріп, бірақ сол жекпе-жекте ресейлік спортшыны нокдаунға түсірген болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру