Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы тарихи нәтиже қол жеткізді

img 6128
Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы 2025 жылғы Euro Beach Soccer League турнирінің В дивизионында сәтті өнер көрсетіп, топ жеңімпазы атанды.

Италияның Кастелламмаре ди Стабиа қаласында өткен турнирде Қазақстан құрамасы В дивизионында Румыния, Норвегия және Мальта командаларымен кездесті. Үш ойынның үшеуінде де қарсыластарынан басым түскен ұлттық құрама Элиталық дивизионға өтуге мүмкіндік беретін промо-финалға жолдама алды.

Турнирдің алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы Румыниямен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл матчта құрама сапынан Деринг, Маликов және Кайзер мергендігімен көзге түсті.

Екінші турда Қазақстан Норвегияға қарсы алаңға шығып, тартысты өткен ойында 6:4 есебімен басым түсті. Біздің құрама сапынан Кайзер дубль авторы атанса, Деринг, Құрбанов, Шевчук және Мыңбаев бір-бір голдан соқты.

Топтық кезеңнің шешуші үшінші матчында Қазақстан құрамасы Мальта құрамасымен кездесіп, 5:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл нәтижеден кейін Қазақстан 9 ұпаймен топта бірінші орын алып, Элиталық дивизионға жолдама беретін финалдық кезеңге жолдама алды.

Қыркүйек айында өтетін промо-финал кезеңіндегі Қазақстан құрамасының қарсыластары кейінірек белгілі болады.

Жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Дастамиден Дагиев («Арман»), Дмитрий Бровко («Barqy»);

Қорғаушылар: Игорь Демешко, Михаил Кайзер (екеуі де – «Арман»), Әбдіқадыр Құрбанов («Омега»), Нұрдәулет Болатбек («Малайсары»);

Шабуылшылар: Айдын Маликов («Малайсары»), Артур Деринг, Нұрлан Жүнісов (екеуі де – TK B&A), Арман Шотанов («Barqy»), Владислав Шевчук, Алан Мыңбаев (екеуі де – «Арман»);

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
02 Авг - 12:17 Футбол
«Челсидің» жанкүйерлік парақшасы Уэлбектің трансфері Сатпаевқа қалай әсер ететінін бағалады
02 Авг - 08:11 Футбол
ФИФА УЕФА қарсылығынан кейін даулы жобадан бас тартты
01 Авг - 13:02 Футбол
«Арсенал» Винисиуспен келісімге келіп, «Реалға» ұсыныс дайындап жатыр
30 Июл - 23:11 Футбол
«Тобыл» пенальти сериясында жеңіске жетіп, Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты
30 Июл - 20:45 Футбол
УЕФА ФИФА турнирлеріне бойкот жариялауы мүмкін екенін мәлімдеді
29 Июл - 23:11 Футбол
«Қайрат» қатарынан екінші маусымда еурокубоктың негізгі кезеңінде ойнайды
29 Июл - 22:39 Футбол
«Қайрат» драмалық матчта Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты
29 Июл - 15:05 Футбол
ПСЖ Родри үшін «Реалмен» таласқа қосылды
29 Июл - 13:45 Футбол
«Қайрат» – «Омония» матчын қайдан көруге болады
29 Июл - 10:55 Футбол
«Ювентус» Джошуа Зиркзеені жалға алуға жақын